Қазақстан диқандарына келесі жылдан бастап әлі өсірілмеген егінді алдын ала сатуға рұқсат етіледі. Елде аграрлық қолхаттарды енгізу туралы заң қарастырылып жатыр. Бұл жөнінде Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров Қостанайдағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жиынында айтты, деп хабарлайды World of NAN.
«Біз Бәйтерекпен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, фермерлерді қаржыландыруды жақсартатын бірқатар құралдармен жұмыс істеп жатырмыз. Біріншісі, менің жеке айналысатыным – бұл аграрлық қолхат (аграрная расписка). Бұл жиналған өнім әлдеқашан қоймада жатқан және астықты өткізуге түбіртек берілген астық қолхатына қарағанда күрделі қаржылық құрал. Аграрлық қолхат – бұл сіздің әрбір гектар жеріңізге тікелей бағалы қағаз шығарылып, өнімділіктің тарихы қарастырылып, соның негізінде сіз сата алатын өнім көлемі анықталады. Осылайша сіз фьючерстің бір түрін жасайсыз, егін жиналмай жатып өз өніміңізді сатасыз», - деді Айдарбек Ходжаназаров.
Ол apk-news.kz порталының тілшісі қойған сұрақтарға берген жауабында аграрлық қолхат қазірдің өзінде біздің елде бейресми түрде бар екенін айтты.
«Мәселен, химия компаниялары шаруаларға химиялық препараттарды несиеге берсе, тұқым өсіру шаруашылықтары тұқым береді. Олардың бір-бірімен қарым-қатынасы ресми емес. Енді дұрыс қарым-қатынас пен баға белгілеу үшін, фермердің де, қаржыландырушы тараптың да құқықтарына нұқсан келтірмеу үшін мұндай қолхат қажет деп ойлаймыз», - деді депутат.
Қабылданған шара Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция құюға ниет білдірген инвесторлар шеңберін кеңейтеді. Бұл ретте инвестор нақты бір дақыл немесе басқа дақылдық түбіртектерге инвестиция салудың оған қаншалықты тартымды екенін түсіне алады.
Депутаттың айтуынша, бұл өте маңызды құрал. Ол даулы жағдаяттар кезінде, фермер мен жеткізуші арасындағы келісім бұзылған жағдайда (мысалы, техникаға байланысты келісім бұзылса) көмекке келеді. Фермерлер сілтеме жасай алатын заң болуы керек.
Ол мұның Қазақстан үшін мүлдем жаңа құрал екенін айтады. Бұрын-соңды мұндай жағдай болмағанымен, бұл көптен бері талқыланып келеді.
«Біз бұл мәселені 5 жыл бойы талқылап келеміз. Енді оның уақыты келді. Заңға енгізілген өзгертулер үкіметке өтіп үлгерді. Күзде түзетулер оң қорытындымен бізге қайтарылады деп күтеміз. Келесі егін жинауға дейін бұл қолхаттарға ие боламыз деп ойлаймын», - деді Айдарбек Ходжаназаров.
Неліктен бұл құжат бұрын қабылданбаған деген сұраққа ол былай деп жауап берді.
«Бұған дейін жер телімін талап ету құқығы осы түбіртекпен байланысты болатын. Адамның жері болуы керек деп есептейміз, бірақ талап ету құқығы қолхатпен бірге өтпейді. Мысалы, мен саған жеткізбесем, ертең меннен жерді алмайсың. Бірақ алдыңғы нұсқалар бұған мүмкіндік берді. Бұл елдегі шиеленісті жағдайды, фермерлер арасында резонанс тудыруы мүмкін. Бірақ шетелдікте де болуы мүмкін, ертең біздің жерімізге құқықты талап ететін. Енді аграрлық қолхат тек егінді білдіреді», - деп түсіндірді Мәжіліс депутаты да.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение