Биылғы жылдың алғашқы жартысы бойынша Қазақстан темір жолы желісі арқылы 124 млн тоннадан астам жүк тасымалданды. Оның 5,8 млн тоннасы – астық. Тасымалданған астық көлемі өткен жылғы көрсеткішке қарағанда отыз пайызға артық, деп хабарлайды World of NAN.
ҚТЖ баспасөз қызметінің таратқан мәліметі бойынша, теміржол арқылы жүк тасымалы алғашқы жарты жылда 9 пайызға көбейген. Қазақстан темір жолы арқылы 124 млн тонна жүк тасымалданса, оның ішінде республикаішілік тасымалдар 80 млн тоннаны құрайды.
Ал теміржол арқылы жасалған астық экспорты 35% артып, 4,7 млн тоннаға жетіпті. Ұнтақталған астық өнімдерін тасымалдау да 12% дейін, яғни 1,5 млн тоннаға дейін өскен.
Химиялық тыңайтқыштарды тасымалдау көлемі де өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6 пайызға ұлғайып, 2,2 млн тоннаға жетіпті.
Сондай-ақ биыл мұнай жүктерін тасымалдау 3%, яғни 9,3 млн тоннаға дейін, құрылыс жүктерін тасымалдау 9%, яғни 7,6 млн тоннаға дейін артқан.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение