Мәзір

Қазақстанда балмұздақ өндірісі 38%-ға артты

17.07.2023
Қазақстанда балмұздақ өндірісі 38%-ға артты

Ұлттық Статистика бюросы еліміздегі балмұздақ өндірісі жайлы деректер жариялап, жаздың ең танымал тәтті тағамының өндіріс көлемі мен балмұздақ көбіне қай мемлекеттерден импортталатыны туралы мәлімет бөлісті.

Статистика бюросы таратқан ақпарат бойынша, 2023 жылдың алғашқы 5 айында Қазақстанда 19,7 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілді. Өткен жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда бұл 38,1% артық (қаңтар.- мамыр 2022ж. - 14,2 мың Т).

Жалпы 2022 жылы Қазақстанда 41,3 мың тонна балмұздақ өндірілді. Осы ретте 9,2 мың тонна өнім импортталған, сырттан әкелінетін өнімнің үлес салмағы – 18,3%. Өзге елдерден балмұздақ жіберетін елдердің алғашқы үштігіне Ресей (5,6 мың Т), Қырғызстан (2,1 мың Т) және Түркия (911,5 Т) кіреді. Сондай-ақ өткен жылы балмұздақ Беларус, Украина, Бельгия, Франция, Италия, Швейцария және Кореядан әкелінді.

Өткен жылдың 12 айында 5 мың тонна балмұздақ экспортталды. Қазақстаннан өнім ТМД елдеріне (4,9 мың тонна), сондай-ақ Моңғолияға (72,6 тонна) жіберілген.

Қазақстанда балмұздақ өндірісі 38 пайызға артқанымен, бұл өнім бағасының арзандауына үлес қоса алмады. Кейінгі жылда Қазақстанда балмұздақтың бағасы шамамен 1/3 есе қымбаттаған.

 

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии