Қазақстанда 1 ақпан күнгі жағдай бойынша дәнді және бұршақ дақылдары 12,6 млн тоннаны құрады. Осыдан дәл бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 13,9 млн тоннаны құраған еді. Бұл туралы World of NAN Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қордағы астықтың 8,4 миллион тоннасы - азық-түлік, 1,1 миллион тоннасы - тұқым, 2,9 миллион тоннасы - жем.
Статистика бюросының ақпаратына сәйкес, ақпан айының басында елде 10,14 миллион тонна бидай болған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға дерлік төмен (11,46 миллион тонна). Оның ішінде азық-түліктік бидай қоры - 7,29 млн тоннаны, жемдік бидай - 1,93 млн тоннаны, тұқымдық бидай - 913 мың тоннаға жуығын құрады.
Сонымен қатар, соңғы дерек бойынша, Қазақстан Республикасында жүгерінің – 187 мың тонна, күріштің – 243 мың тонна, қара бидайдың – 23 мың тонна, сұлының – 125 мың тоннадан астам, қарақұмықтың – 84 мың тоннадан астам қоры тіркелген.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение