Жануарлардың бірқатар ауруларына диагностикалау бағасын өзгерту жоспарланып отыр. Тиісті қаулы Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұл туралы World of NAN порталы qogam-media.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті qogam-media.kz тілшісіне хабарлағанындай, жалақы қоры мен шикізат бағасының өсуіне байланысты көптеген зерттеу-талдаулардың бағасы да көтерілген.
«Құтыру ауруын иммунды глобулин диагностикалық құтыруға қарсы екпелер жинағымен тексеру үшін бірінші сынаманың құны 7 412,56 теңгеге (53%) және флуоресценциялық бірінші сынаманың құны 6 6626,9 теңгеге (49%) қымбаттады. Ал бруцеллезге комплементті бекіту реакциясы (соның ішінде титрациялау) арқылы тестілеудің құнын анықтау кезінде гемолитикалық сарысудың 1 дозасының келісім-шарттар мен коммерциялық ұсыныстар бойынша 2023 жылғы құны ескерілген. Мұндай сипаттағы бір зерттеуге қазіргі баға – 197,9 теңге, қабылданған баға – 222,93 теңге. Яғни, баға 25 теңгеге көтерілді», - деп түсіндірді комитеттегілер.
Жыл басынан бері Қазақстанның бірнеше облысында бруцеллез ауруының ошақтары тіркеліп, дерттің адамдарға жұққан жағдайлары кездескен болатын.
Бұл ретте аусыл, нодулдік дерматит ауруы сияқты кейбір зертханалық диагностикалық зерттеулердің бағасы төмендепті.
Қабылданған шешім жайлы толық ақпарат ашық НҚА порталында берілген: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14648296
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение