Мәзір

Қазақстанда дизель отынының бағасы өзгереді

15.02.2024
Қазақстанда дизель отынының бағасы өзгереді

Энергетика министрлігі дизель отынының шектік құнын төмендетуді жоспарлап отыр. Ашық НҚА порталында жарияланған министрлік бұйрығында дизельдік отынның бөлшек саудадағы шектік бағасын 295 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылған, деп хабарлайды World of NAN.

2022 жылдан бастап Қазақстанда жазғы және маусымаралық кезеңдегі дизель отынының құны 450 теңге/литр болып бекітілген болатын. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары тәулігіне 100 литр және 300 литр (жүк көліктері үшін) дизель отынын шектік 295 теңгеден сатып ала алатын. Ал белгіленген шектен асып кетсе, төлем литріне 450 теңге болды. Шетелдік азаматтар Қазақстанда дизель отынын көлеміне қарамастан 450 теңгеге алып жүр.

Енді Энергетика министрлігі жазғы және маусымаралық кезеңдегі дизель отынының құнын литріне 450 теңгеден – 295 теңгеге дейін бәріне бірдей төмендетуді жоспарлап отыр.

Қазіргі сәтте елде дизельдік отын тапшылығына қатысты қауіп жоқ, керісінше, елдегі зауыттар мен мұнай базаларында дизельдік отынның қоры мол екені анықталды. Дегенмен бензиннің бағасын төмендету жоспарда жоқ.

Дизель отынын баршаға бірдей төмен бағада сату фермерлерге аса тиімді болмауы да мүмкін. Былтыр елімізде бензиннің арзан екенін пайдаланып, алыпсатарлар Қазақстан жанармай бекеттерінен бензин сатып алып, оны Ресейге апарып саудалаған еді. Үкімет жанармайдың шетелге кеткенін, соның салдарынан елде тапшылық туындағанын, осының алдын алу үшін бензин бағасын көтеруге мәжбүр болғанын айтқан еді. Енді осыған ұқсас жағдай дизель отыны нарығында да байқалуы ықтимал. Ал бұл дәл көктемгі егіс науқаны қарсаңында фермерлерді қиын жағдайда қалдыруы мүмкін.

Энергетика министрлігінің бұйрығы 28 ақпанға дейін жария талқылауда болып, артынша күшіне енеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии