Мәзір

Қазақстанда егін жинауға 400 мың тоннадан астам дизель отыны қажет

21.08.2023
Қазақстанда егін жинауға 400 мың тоннадан астам дизель отыны қажет

Энергетика министрлігі егін жинау жұмыстарына дизельдік отын бөлу жоспары туралы айтты. Бұл жөнінде World of NAN порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Энергетика министрлігі агенттік тілшісінің сауалына берген жауабында мұнай өнімін саудалаушылар егіс маусымы кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге басымдық беруге міндеттелгенін айтқан. Мекеме «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» заңға сүйене отырып, мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар жыл сайын 1 наурыз бен 31 мамыр аралығында, 1 тамыз бен 31 қазан аралығында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мұнай өнімдерін сатуға басымдық беруге міндеттелді», - дейді министрлік.

2023 жылы (шілде-қараша) егін жинау үшін өңірлерді мұнай өңдеу зауыттарына бекіту кестесіне сәйкес, дизель отынын жеткізу көлемі 18 өңірде 426 мың тоннаны құрайды.

Осы жылдың шілде айында күзгі дала жұмыстарына дизельдік отынға жалпы қажеттілік 106 мың тонна, тамызда – 153 мың тонна, қыркүйекте – 117,6 мың тонна, қазанда – 43,5 мың тонна көлемінде қамтамасыз етілген.

Еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарын уақытылы және тұрақты өткізу үшін жеңілдетілген бағамен 419 мың тоннадан астам дизель отыны бөлінді.

Осыған дейін үкімет жеңілдетілген бағада дизель отынын бөлгенімен, ол фермерлерге уақытылы жеткізілмей және жеткізушілер төмен бағада сатудан бас тартқан жағдайлар тіркелген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии