«KazakhExport» компаниясына арнайы құқықтық мәртебе беріліп, компанияның негізінде экспорттық-кредиттік агенттік құрылмақ. Агенттік отандық өндірушілерге көмектесіп, өнімді шетел нарығына шығаруға жәрдем беретін болады. Заң жобасын сәрсенбі күнгі Мәжіліс отырысында депутат Нұртай Сабильянов таныстырып, жоба бір оқылымда мақұлданды. Бұл туралы World of NAN порталы KazakExport ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталатын заң жобасы таныстырылып, мақұлданды.
«Заң жобасы экспорттық-кредиттік агенттіктің арнайы құқықтық мәртебесін құруға бағытталған, ол шикізаттық емес экспортты қаржылық қолдау мен дамытудың негізгі шараларын біріктіруге мүмкіндік береді», - дейді депутат Нұртай Сабильянов.
Экспорттық-кредиттік агенттік құру 2025 жылға қарай шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің ресурстық емес экспортының көлемін 41 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту, сондай-ақ операциялық қызметке араласпай-ақ Үкіметке және мүдделі мемлекеттік органдарға ЭКА есеп беру және бақылауда болу механизмдерін құру мүмкіндіктерін береді.
Сабильяновтың айтуынша, жұмыс тобына 50-ден астам түзету келіп түсіп, олар жұмыс тобының отырыстарында, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар, «KazakhExport» АҚ, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, қоғамдық бірлестіктер мен сараптама ұйымдары өкілдерінің қатысуымен комитеттің кеңейтілген отырысында қаралған.
Бұған дейін Сауда министрлігі Ресей, Венгрия, Австралия және Үндістандағы экспорттық несие агенттіктерінің халықаралық тәжірибесіне талдау жасағаны хабарланған болатын.
«KazakhExport» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ – экспорттық-кредиттік агенттік функцияларын жүзеге асыратын даму институты. KazakhExport-тың жалғыз акционері – «Бәйтерек» холдингі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение