Биылғы жылдың қаңтар–шілде айларының қорытындысы бойынша, Қазақстанда 43,5 мың тонна ет өндірілген. Бұл өткен жылдың осы уақыт аралығындағы көрсеткішінен 6,5% артық. Нарықта ұсыныстың артқанына қарамастан, еттің бағасы 12% қымбаттай түскен. Бұл туралы World of NAN порталы EnergyProm мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қостанай облысы ет өндіру бойынша көш бастап тұр: 7,5 мың тонна, бір жылда 25% көбейген. Үздік үштікке Ақтөбе (6,3 мың тонна, 1,7%) және Солтүстік Қазақстан (6,2 мың тонна, 28,5%) облыстары да кірді. 2022 жылы елімізде 73,1 мың тонна ет өндіріліп, алдыңғы жылғыдан 11,4% артық болған. Яғни Қазақстанда ет өндірісі жылдан жылға ұлғайып келеді.
Осыған қарамастан баға да қымбаттай түсті. Биыл шілде айының соңында ет, оның ішінде ет өнімдерінің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 11,2% қымбаттады.
Өңірлер бойынша бір жылда ең көп қымбаттаған өңір Астана: 16,3 пайызға қымбаттаған. Одан кейін Алматы (15,5% қымбаттаған) және Солтүстік Қазақстан (15,2% қымбаттаған) облыстары. Бағаның ең аз өсімі Түркістан облысында тіркелді: 5,7 пайыз.
Ет түрлері бойынша сиыр еті — 11,5%, қой еті — 7,1%, шошқа еті — 11,9%, жылқы еті — 9,1%, қайнатылған шұжық — 14,5%, жартылай ысталған шұжық — 12,7% қымбаттады.
Дүкен мен базардағы сиыр етінің құны ҚР бойынша орта есеппен килосына 2,6 мың теңге, қой еті — 2,8 мың теңге, шошқа еті — 2,2 мың теңге, жылқы еті — 3 мың теңге, қайнатылған шұжық — 2,8 мың теңге, жартылай ысталған шұжық — 3,3 мың теңге тұрады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение