Мамыр айындағы деректер бойынша, елімізде құс еті 13,5% қымбаттаған. Бағаның ең жоғары өсімі Павлодар облысында тіркелді – 27,2 пайыз. Сонымен қатар, мұздатылған құс етін өндіру бір жылда 6%-ға төмендеп, ал балғын немесе салқындатылған құс етін өндіру 23%-ға ұлғайған. Бұл туралы World of NAN порталы EnergyProm есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 40,7 мың тонна мұздатылған құс еті өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,7 пайызға аз. Ал 45,9 мың тонна балғын немесе салқындатылған құс еті өндірілді, бұл өткен жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда 22,6 пайызға артық.
Осы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша, жергілікті компаниялар құс етіне және құс етінен алынатын өнімге сұранысты (ішкі нарыққа сату және экспорт) 77,1%-ға қамтамасыз етті. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 74% болатын. Импорттың үлесі тиісінше 22,9%-ды құрады. Импорттың үлесі жыл ішінде 5,3 пайызға азайып, нарықтың 22,9%-ын құрады: жалпы көлемі 23,8 мың тонна болды.
Осы орайда елден 6,6 мың тонна өнім экспортталды, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,6 есеге артық. Ішкі сатылым бірінші тоқсанда 3,7 пайызға артып, 97,4 мың тоннаны құрады.
Ал әзірге Ресейде тауық етінің тапшылығы өршіп жатқанымен, inbusiness.kz сайтының мәліметінше, ол жақтан құс етінің импорты да артып келеді. Қазақстан құс өсірушілер одағы Ресей Федерациясында құс еті арзан екенін айтады, өйткені ол жақта жем арзан және мемлекеттің қолдауы жоғары. Біздің қазақстандық ет қымбатырақ, мұның себебі осы саладағы проблемаларға барып тіреледі. Оған ең алдымен өнімнің өзіндік құнының жоғары болуы, жабдықтардың ескіруі және отандық құс фабрикаларындағы өндірісті әртараптандырудың төмен болуы жатады. Одақтың мәліметінше, қазақстандық өндірушілер жыл сайын ет бағытындағы жаңа құс фабрикаларын ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және кеңейту арқылы өнім көлемін ұлғайтып келеді. Қазір елімізде олардың саны – 29. Ал 2027 жылға қарай Қазақстанда 700 мың тоннаға дейін құс етін өндіру жоспарланып отыр.
Биылғы жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша, құс етінің бағасы бір жылмен салыстырғанда 13,5%-ға өсті. Оның ішінде тауықтың төс еті бір жылда 21,2%-ға, сан еті және жіліншігі – 20,9%-ға, тауық еті (куры) – 16,4%-ға, аяқ еті (окорочка) – 8,9%-ға қымбаттады.
Өңірлік тұрғыда бағаның ең көп өсуі Павлодар облысында тіркелді: жылына 27,2%. Сондай-ақ Батыс Қазақстан (26,3%) және Қостанай (22,5%) облыстарының тұрғындары қалтасына тиген өте ауыр соққыны сезді. Ең төмен жылдық баға өсімі Ақтөбе облысында тіркелді: мұнда құс еті 2,7%-ға ғана өскен. Бұл ретте бір облыста – Түркістан облысында жыл ішінде бағаның 1,9%-ға төмендеуі тіркелді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение