Мәзір

Қазақстанда тыңайтқыш өндірісі қатты құлдырады

04.08.2023
Қазақстанда тыңайтқыш өндірісі қатты құлдырады

Елімізде минералды немесе химиялық тыңайтқыштарды өндіру көлемі қатты қысқарды. Қаңтар-маусым айларында азот тыңайтқыштарының өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 10,4 пайызға азайса, фосфор тыңайтқыштар өндірісінің көлемі бірден 14 есеге қысқарған. Осыған қарамастан тыңайтқышты экспорттау 2,5 есеге артқан. Бұл жайлы World of NAN порталы EnergyProm жариялаған есепке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Жыл басынан бері Қазақстанда 192,6 мың тонна азот тыңайтқышы және небәрі 7,6 мың тонна фосфорлық тыңайтқыш шыққан. Бұл өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда әжептәуір төмен.

Өндіріс көлемі күрт қысқарса да, Қазақстан минералдық және химиялық тыңайтқыштарды шетелге экспорттауын кенеттен арттырған. Бұл ретте минералды және химиялық тыңайтқыштар экспорты 2,5 есеге өсіп, қаңтар-мамыр айларында 264,4 мың тоннаны құрады, оның 184,1 мың тоннасы – ТМД елдеріне, 80,2 мың тоннасы – басқа елдерге экспортталған.

Экспорттың жартысынан астамы Өзбекстанға жөнелтілді: 137,7 мың тонна, бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 3,3 есе көп. Одан кейін Польша (47 мың тонна), Ресей (38,7 мың тонна) және Литваға (20,3 мың тонна) тыңайтқыш жөнелтіппіз. Сондай-ақ тыңайтқыштың айтарлықтай көлемі Тәжікстан (6,3 мың тонна) мен Түркияға (6 мың тонна) жөнелтілген.

Биыл мамырдың қорытындысы бойынша, ЕАЭО елдеріне тыңайтқыштардың экспорттық бағасы 2,7% төмендеді, бір жыл бұрын 24,9% өскен еді. Барлық басқа елдер бойынша экспорттық баға 6,2% төмендеді, былтыр 56,3% өскен.

Қорытындылап айтар болсақ, Қазақстанда тыңайтқыш өндірісі қатты қысқарды, тыңайтқыштың экспорттық бағасы да төмендеді. Соған қарамастан, тыңайтқыш экспорты 2,5 есеге артты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии