Қазақстанда ұн өндірісі өткен жылмен салыстырғанда артып, ал макарон өндірісі қысқара түскен. Мемлекет басшысы да, Ауыл шаруашылығы министрлігі де шикізатты өңдеу жайлы жиі айтқанымен, әзірше бұл салада ілгерілеу байқалмайды. Бұл туралы World of NAN порталы lsm.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Биылғы жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанда 2,2 млн тонна ұн тартылған, бұл былтырғы жылдың дәл осы көрсеткішімен салыстырғанда 1,4 пайызға артық. Дегенмен жергілікті нарықта ұнның сатылуы 5,5 пайызға дейін азайып, 890,6 мың тонна болған. Ал шетел нарығына шығару көрсеткіші 7%-ға артып, 1,3 млн тоннаға дейін жеткен. Қазақстан ұны дәстүрлі нарықтар - Ауғанстан, Өзбекстан, Түркіменстанға тасымалданыпты.
Ұн өндірісі ұлғайғанына қарамастан, импорт та 22%-ға артып, 29,6 мың тоннаны құрады. Қазақстан Ресей, Франция және Италиядан ұн сатып алды.
Ал макарон өнімдерінің өндірісі 6%-ға қысқарған. Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қазақстандық зауыттар 114,9 мың тонна макарон өндірді. Бұл ретте ішкі нарықтағы сату көлемі 5,8%-ға (104,1 мың тонна) өсіпті. Ал экспорт бірден 21,4%-ға кеміп кеткен. Біздің мемлекет Ресейге – 18,4 мың тонна (-20%), Өзбекстанға – 6,9 мың тонна (-4,3%), Қырғызстанға – 3,3 мың тонна (-40,7%), Грузияға – 484,4 тонна (-38,4%) макарон өнімдерін жеткізіпті. Ал Қытайға жасалған экспорт екі есеге, Тәжікстанға жасалған макарон экспорты 14,3%-ға өскен.
Қазақстанның макарон өндірісі азайғандықтан, өнімді шетелден импорттау 11,6%-ға ұлғайды. Биыл еліміз Ресей, Қытай, Оңтүстік Корея, Италия және Испаниядан 26,5 мың тонна макарон өнімдерін сатып алған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение