Осы жылдың маусым айында Қазақстанда 215,7 мың тонна ұн өндірілді. Бұл биылғы астық маусымының балық 10 айындағы (қыркүйек-маусым) ең төменгі айлық көлем, деп World of NAN порталы «АПК Информ» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ресм статистика бойынша, елімізде биылғы жылдың маусым айында өндірілген ұн өндірісінің көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға төмен.
Қазақстан маусым айында ұн өндірісін қысқартқанымен, жыл бойы шығарған ұнның мөлшері былтырғы жылдың осы кезеңіндегі мөлшерден артық болып отыр. 2022-2023 жылдың 10 айында Қазақстанда 2,88 млн тонна ұн өндірілді (өткен астық маусымының сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 2,65 млн тонна болған).
Ұн өндірісінің ең ауқымды көлемі әдеттегідей Қостанай облысында тіркелген – 1,094 млн тонна (оның ішінде мамыр айында – 73,3 мың тонна).
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение