Мәзір

Қазақстанда жеміс-көкөніс шырынын өндіру 10 жылда 2,5 есе қысқарды

22.01.2024
Қазақстанда жеміс-көкөніс шырынын өндіру 10 жылда 2,5 есе қысқарды

Мемлекет өңделген ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруға басымдық беріп жатқанына қарамастан, кейінгі он жылда шырын өндірісі теріс динамика көрсетіп келеді. Бұл жайлы World of NAN порталы Energyprom деректеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2023 жылы қаңтар-желтоқсанда жеміс және көкөніс шырыны өндірісі 68,9 млн литр болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9% аз. Бұл ретте, ұзақ мерзімді динамика бойынша (10 жылдан астам) елімізде жеміс және көкөніс шырыны өндірісі 2,5 есе азайғанын атап өткен жөн.  

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, жалпы өнімнің 65,2 млн литрі тек жеміс шырындарынан алынды, оның өндірісі бір жыл ішінде 3,3% төмендеген. Жеміс шырындарының ішіндегі ең үлкен өндіріс көлемі апельсин шырыны болды: 26 млн литр. Ал алмадан 13,9 млн литр, ананастан 2,5 млн литр шырын өндірілген. 16,3 млн литр аралас жеміс шырыны және 6,5 млн литр басқа жеміс шырындары шығарылыпты.

Көріп отырғанымыздай, Қазақстан шығарылған жеміс шырындарының жартысына жуығы шетелден әкелінетін апельсин және ананас сияқты шикізаттардан өндіріледі.

Ал көкөніс шырынына келер болсақ, елімізде көккөністердің ішінде тек қызанақтан шырын жасалады. Оның өндірісі 2023 жылы бірден 17 пайызға жуық азайып, 3,5 млн тоннаны құраған.

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии