Биыл 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда жылқы саны 4 млн, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,4% көп. Бұл жөнінде World of NAN порталы Energyprom.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ең көп жылқы Түркістан облысында: 425,4 мың, бір жылда 10,4% көбейген. Одан кейін Қарағанды (352,2 мың, 11,1% көбейген), Абай (321,7 мың, 1,3% азайған), Ақтөбе (321,2 мың, 18,1% көбейген) және Батыс Қазақстан (307,6 мың, 9,7% көбейген) облыстарында.
Бір жылда туған құлын саны 5,4% көбейіп, 1,1 млн бас болды, одан бөлек жалпы өлім-жітім 11,4%-ға, яғни 4,4 мыңға дейін азайды.
Былтыр қаңтар–желтоқсан қорытындысы бойынша, ҚР шаруа қожалықтарында 323,9 мың тонна тірідей және 167,6 мың тонна сойыс салмақта жылқы сойылған немесе союға сатылған. Салмағы тірідей 6,7%-ға, сойыс салмағында 6,6% көбейген.
Мұнда да Түркістан облысы көш бастап тұр: тірідей 40,3 мың тонна және сойыс салмағында 20,8 мың тонна. Одан кейін Абай (37,9 мың тонна тірідей және 19,9 мың тонна сойыс салмақта) және Павлодар (27,9 мың тонна тірідей және 14,5 мың тонна сойыс салмақта) облыстары.
Көп мемлекетте жылқы еті тұтынылмайтынына байланысты, басқа түлік түрлеріне қарағанда оның экспорттық әлеуеті төменірек.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение