Жаңа астық жылы басталған тұста (1 қыркүйек) Қазақстандағы бидай қоры 6,526 млн тоннаны құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда (5,452 млн тонна) 1 млн тоннадан астам жоғары. Бұл туралы World of NAN порталы ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Өткен жылдың қыркүйек айымен салыстырғанда, биыл елімізде бидай қоры 1 млн тоннадан астам артқан.
Осы жылдың қыркүйек айының басында жалпы республика бойынша 8,4 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бар (2022 жылы 1 қыркүйекте 7,136 млн тонна болған).
Атап айтқанда, арпаның қоры – 1,39 млн тонна, қара бидай – 27 мың тонна, сұлы – 98 мың тоннаны құрайды.
Сонымен қатар, қорда 44 мың тонна жүгері, 30 мың тонна қарақұмық, 6 мың тонна тары, 26 мың тонна күріш қалған.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение