Мәзір

Қазақстандық астықтың сапасы мен бағасына қатысты жағдай өте екіұшты – сарапшылар

15.09.2023
Қазақстандық астықтың сапасы мен бағасына қатысты жағдай өте екіұшты – сарапшылар

Сарапшылардың пікірінше, биылғы астықтың сапасы мен бағасына қатысты Қазақстанда екіұшты жағдай қалыптасқан. Ауа-райының қиындығына байланысты мамандар бидай сапасының нашарлайтынын болжап отыр, оның бір бөлігі тіпті мал азығына да жарамай қалмақ. Екінші жағынан, өткен жылы бидайдың мол қорын жинап алған өндірушілер ұтуы да мүмкін – алдағы уақытта баға қазіргіден әлдеқайда жоғары болуы ықтимал. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«SGS Kazakhstan Ltd» агроөнеркәсіптік кешенінің зертхана меңгерушісі Салтанат Оразованың түсіндіруінше, астық сапасы бойынша жағдай ауыр. «Біз сапа картасы аясында тамыз айының ортасынан бастап жұмсақ бидайдың 90-ға жуық, арпаның 50-ге жуық үлгісін сынап көрдік. Бірақ соңғы 2 аптада, өздеріңіз білетіндей, жауын-шашынға байланысты астықns аймақтарда жинау жұмыстары тоқтады, сондықтан біздің талдау жауынға дейінгі сапаны көрсетеді. Қазір жағдай өкінішті деуге болады», - дейді Салтанат Оразова.

АПК-Информ агенттігінің хабарлауынша, қазір трейдерлер мен фермерлер жауын алдында жинаған астықты дымқыл бидаймен араластырмай және жоғары сапалы құрғақ бидайды одан әрі сату немесе келесі жылға тұқымға сақтап қою үшін оны элеваторлардан қайтарып алып жатыр.

«Harvest Kazakhstan» трейдерлік компаниясының директоры Дәулет Увашевтің ойынша, 2022 жылы сапалы өнімді мол жиған фермерлер мен трейдерлерге қазіргі жағдай тиімді болмақ. Өйткені олар былтырғы астықты қымбатырақ бағаға сатуы мүмкін.

SGS Kazakhstan ұйымының бағалауынша,  елдегі бидайдың 5-15%-ға дейіні көктеп кеткен, бірақ бұс сан 50-60%-ға жететін аймақтар да бар. Сарапшының түсіндіруінше, осыған ұқсас болған 2019 жылдың өзінде мұндай жағдай тіркелмеген.

Көктеп кеткен дәннің бір бөлігінің құрамында мико және афлатоксиндер көп болғандықтан, тіпті малға беруге жарамайды.

Дегенмен сарапшылардың кейбірі кесіп-пішуге әлі ерте дейді. «Әрі қарай не болатыны жайды үзілді-кесілді айтпас едім, соңғы 3-4 күнде жинау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әрі қарай не болары белгісіз, жағдай анық болмай тұр, соған байланысты қазір бірде-бір диқан бастырылған астықты сатуға дайын еместігіне назар аударғым келеді», - деді астық өсірумен де, тейдингпен де айналысатын «Б-Агро Север» компаниясының директоры Сергей Домаев.

Ол жалпы республика аумағы түгілі, бір облыс пен бір шаруашылықтың өзінде астықтың сапасы әркелкі болып жатқанын атап өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии