Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының айтуынша, қазақстандық құс фабрикалары Ресейге бір миллион жұмыртқа жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы World of NAN КазТаг агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«2024 жылдың ақпан айында қазақстандық құс фабрикалары Ресейге қосымша 600 мыңнан астам тауық жұмыртқасын жеткізді. Осы аптада тағы 400 мың тауық жұмыртқасы жөнелтіледі деп күтілуде. Жыл бойына ай сайынғы жеткізуді 1 млн дана тауық жұмыртқасы деңгейінде ұйымдастыру жоспарлануда», - деп хабарлайды Қауымдастық.
Жұмыртқаларды негізінен «КОКО» сауда үйі («Жас-Қанат 2006» ЖШС) және «Шаңырақ ГмбХ» ЖШС («Курочка Ряба» ЖШС) жеткізеді.
Өндірушілер Ресейге жеткізілім Қазақстанның ішкі нарығына зиянын тигізбейді деп отыр.
Осыған дейін қаңтар айында Ресей Қазақстаннан жұмыртқа бойынша көмек сұраған болатын.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение