Мәзір

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ЕТТІҢ ӨҢІРДЕГІ НЕГІЗГІ ЭКСПОРТШЫСЫНА АЙНАЛАДЫ

18.11.2019
 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФЕРМЕРЛЕР ЕТТІҢ ӨҢІРДЕГІ НЕГІЗГІ ЭКСПОРТШЫСЫНА АЙНАЛАДЫ

14 қараша күні Дүниежүзілік банк ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстанда мал шаруашылығының экологиялық тұрақты, инклюзивті және бәсекеге қабілетті секторын дамытуға ықпал етуге бағытталған мал шаруашылығын тұрақты дамытудың ұсынылып отырған жобасының егжей-тегжейін бұқарамен талқылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің сұратуы бойынша Дүниежүзілік банк тобы ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, Қазақстанда 2020-2024 жылдарға арналған мал шаруашылығын тұрақты дамыту бағдарламасын әзірлеу үстінде.

"Дүниежүзілік банк пен Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігі үшін табысты және инклюзивті бағдарламаны әзірлеу үшін интерактивті және ашық талқылаулар өте маңызды", - деп атап өтті Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің Тұрақты өкілі Жан Франсуа Марто. "Біз Қазақстанға қосылған құны жоғары етті негізгі Өңірлік экспорттаушы болу және осы бизнеске тартылған фермерлер санын арттыру мақсатында қолдау көрсетуге дайынбыз".

Ұсынылып отырған мал шаруашылығын дамыту жобасы қазақстандық экспортты әртараптандыруға бағытталған. Ол сондай-ақ жеке сектордың өсуін ынталандыруға және ауылдық аудандарда дамуды қолдауды көздейді. Және де, жоба Қазақстанның үлкен жайылымдық әлеуетін пайдалануды жақсарту есебінен ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға ықпал етеді.

"Ұсынылып отырған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен етті мал шаруашылығын дамытудың ұлттық стратегиясын қолдайды. Бағдарлама экспорттық-бағдарланған етті өндірістік-өткізу тізбектерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мал шаруашылығы секторын дамыту үшін негіз болатын нәтижелер мен мақсаттарға шоғырланатын болады", - деп атап өтті Гүлмира Исаева, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі.

Қарыздың жалпы сомасы 500 млн АҚШ долларын құрайды. Дүниежүзілік банк "нәтижеге бағытталған Бағдарлама (P4R)" құралын пайдалануды ұсынады, ол бағдарламаның нақты нәтижелеріне қол жеткізу мен қаражат төлеуді тікелей байланыстыратын қаржыландыру құралы. Бұл құрал үкіметтік бағдарламаларды қолдауға және Дүниежүзілік Банктің тәжірибесін пайдалануға көмектеседі. Күтілетін нәтижелер мал шаруашылығы өнімдерінің қадағалануын жақсартуды, Ауыл шаруашылығын жүргізудің үздік тәжірибесін енгізуді және секторды көміртегі шығарындыларын азайту жағына дамытуды қамтиды.

Қоғамдық консультацияларға жеке сектордың, қауымдастықтардың, одақтардың, талдау орталықтарының, БАҚ және азаматтық қоғамның өкілдері қатысты. Консультациялардың мақсаты мүдделі тараптарды хабардар ету және жобаны іске асыруға қатысты, оның экологиялық және әлеуметтік бағалау аспектілерін қоса алғанда, идеяларды ашық талқылау және алмасу мүмкіндігі болды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии