Мәзір

Қазақстандық фермерлер топырақ талдауына арналған инновациялық шешімді пайдалана алатын болады

26.05.2023
Қазақстандық фермерлер топырақ талдауына арналған инновациялық шешімді пайдалана алатын болады

Eurasia Group AG және Германияның Stenon GmbH компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге отырды. Осы келісім аясында қазақстандық фермерлер жанды режимде топырақты талдауға арналған бірегей портативті шешімге қол жеткізе алады деп World of NAN хабарлайды.

Stenon GmbH – ауылшаруашылық технологиясы саласындағы жаңашыл компания, ол топырақ деректерін талдауға  арналған шешімдерге назар аударады, осылайша фермадағы цифрлық экожүйені толықтыруға үлес қосады. Ал FarmLab – фермерлердің деректерге негізделген шешім қабылдауына көмектесетін топырақ талдауына арналған инновациялық шешімі. Ол нақты уақытта тыңайтқыш қолдануды оңтайландырып, оның әсерін ұлғайтады, шығындарды азайтады және өнімділікті арттырады.

«Eurasia Group тұтынушылардың Stenon технологияларын қолдана отырып, өнімділігін арттыруына, салымын оңтайландыруына қалай көмектесу керек екенін біледі. Біз бірлесіп Орталық Азия ауылшаруашылық нарығында мықты одақ құрамыз. Біз «Еуразиямен» серіктестігімізді мақтан тұтамыз», – деп, Stenon GmbH компаниясының бас директоры Нильс Грабберт түсіндірді.

«Stenon Farm Lab – стационарлық зертханаларға, яғни қазіргі топырақ үлгілерін талдау шешімдеріне тамаша балама. Мұндай бірегей шешімнің артықшылығы бірден байқалады: бірінші кезекте, біздің климат шарттарымыз, тыңайтқыш пен өсімдікті қорғау, т.б. құралдар бағасының өсуі жағдайында топырақ өнімділігін арттыру үшін деректерді алып, дер кезінде шешім шығарудың жылдамдауы. Сонымен қатар, фермер енді үшінші тарап зертханаларына тәуелді емес, өзіне ыңғайлы кез келген уақытта талдау жүргізе алады. Біз ауыл шаруашылығындағы №1 компания ретінде фермерлерге тек механикаландыру саласындағы ғана емес, сонымен қатар шығындарды азайту және бизнестің табыстылығын арттыру мәселелерін шешетін цифрландыру саласындағы өнімдерді үнемі жетілдіріп, ұсынып келеміз. Өнімнің түпкілікті құнын төмендету, бұл сөзсіз, біздің компанияның «Біз әлемді тамақтандырамыз» миссиясымен үндеседі!» Eurasia Group Kazakhstan серіктестігі агроменеджмент департаментінің директоры Евгений Чесноков осылай түсіндіреді.

«Қазақстан өте маңызды аграрлық ел. Оның 23 миллион гектардан астам ауыл шаруашылық алқаптары бар. Осындай үлкен нарықта жұмыс істеп, оған қызмет көрсету үшін «Еуразиямен» ынтымақтастықтың маңызы зор. Компанияның бизнес-концепция құрылымы және олардың елдің ауыл шаруашылығын цифрландыруға деген ұмтылысы шабыттандырады», – деп, Stenon GmbH бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Ким тен Вольд пікір білдірді.

«Топырақ туралы деректер –  пазлдың жетіспейтін бөлшегі сияқты, әсіресе азот деңгейінің көрсеткіштері. Нақты уақыттағы деректерді алу мүмкіндігі –  «Еуразияның» фермерлерге көмектесуіне – тыңайтқыш қолдануды оңтайландыруына, түсім мен өнімділікті арттыруына көмектесуге мүмкіндік береді. Біздің «Еуразиямен» серіктестігіміз Қазақстандағы ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттырудың бастапқы нүктесі болады», –  деп, қоса кетті.

«Неліктен STENON? Компанияның технология мен ауыл шаруашылығын цифрландыруға көңіл бөлу қағидасы бізге өте жақын. Сонымен қатар, оның өнімін DLG-дің өзі мақұлдаған әрі нарықтағы ұқсас өнімдермен салыстырғанда тиімді және пайдалану оңай. Сынақтар кезіндегі өлшемдердің дәлдік пайызы STENON-ның осы шешімі біздің фермерлер үшін ең жақсысы болатынын көрсетіп отыр», –  деп қосты Евгений Чесноков.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии