Қазақстан Ауғанстанға май және май өнімдерін жеткізуді арттырып жатыр. Мәселен, өткен жылы өсімдік майын жеткізу көлемі 2,825 мың тоннадан 17,829 мың тоннаға дейін, яғни 6,3 есеге өскен. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстан бұл елге 7 820 мың тонна өсімдік майын экспорттады. Өсімдік майларынан бөлек, қазақстандық май зауыттары ақуызы жоғары жемшөп – шрот пен күнжара (жмых) жеткізуді ұлғайта бастады, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорт көлемі 1,855 мың тоннаны құраған. АПК-Информ тілшісінің хабарлауынша, мұны Астанада өткен Қазақстан-Ауған бизнес-форумында майлы дақылдарды қайта өңдеушілер ұлттық қауымдастығының басшысы Ядықар Ибрагимов айтты.
Кейінгі бірнеше жылда май өнімдері экспортындағы Ауғанстанның үлесі 1%-дан аспаған. Тек 2022 жылы жағдай өзгеріп, Қазақстан бұл мемлекетке 17 мың тоннадан астам өсімдік майын жіберген (жалпы экспорттың 3% үлесі).
Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы деректері бойынша, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстаннан өсімдік майы мен шрот/күнжара экспортының жалпы көлемі 50%-ға өсіп, 388,1 мың тоннаны құрады (2022 жылдың сәйкес кезеңінде – 259,37 мың тонна).
Дегенмен ақшалай түрде бұл көрсеткіш 8%-ға – 231 млн долларға дейін төмендеген, бұл әлемдік нарықтағы жағдайға байланысты.
Осы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша, қазақстандық май және май өнімдерін сатып алу бойынша (ақшалай бойынша) үздік үштікке Қытай, Өзбекстан және Тәжікстан кіреді, олардың үлесіне экспорттың жалпы үлесінің 81%-ы тиесілі. Ауғанстан 4% үлеспен (9 миллион доллар) 5-орында.
Ядықар Ибрагимов биыл қазақстандық май және май өнімдерінің Ауғанстан нарығындағы үлесін арттырып, былтырғы көрсеткіштен асып түсуге толық мүмкіндік бар деп есептейді.
Бизнес-форум барысында Ауғанстанға 40 млн доллар көлемінде май және май өнімдерін жеткізу туралы келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение