Мәзір

Биыл Қазақстан өсімдік майын экспорттаудан рекорд орнатуы мүмкін

16.07.2024
Биыл Қазақстан өсімдік майын экспорттаудан рекорд орнатуы мүмкін

Қазақстандық өсімдік майы өнімін өндірушілер Қытайға экспорттан келетін валюталық түсімдерін үштен бірге арттырды. 2024 жылдың 5 айында Қазақстан Қытайға 90 миллион доллардан астам өнім экспорттаған. Бұл жөнінде World of NAN inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өткен жылдың соңында қазақстандық өсімдік майы өнімдерінің жалпы экспорты 2022 жылмен салыстырғанда 48%-ға өсіп, 870 мың тоннаға жуықтады. Бүгінгі таңда біздің экспорттаушылар үшін негізгі нарықтар Қытай, Орталық Азия және Еуропа болып отыр.

Экспорттың басым бөлігі Қытайға тиесілі. 2023 жылы ол елге құны 177 миллион долларлық өсімдік майлары мен шрот/күнжара жеткізілген. Биылғы жылдың 5 айында да өсім де тіркелді – 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға артып, 90 млн долларды құрады. Майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының хабарлауынша, 2024 жылдың соңына қарай валюталық түсім 200 миллион долларға жетуі мүмкін.

2024 жылдың 5 айында экспортталған қазақстандық өсімдік майы мен май өнімдерінің жалпы көлемі 456 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен 39%-ға жоғары. Жылдық жиынтық, салалық ұйымның мәліметі бойынша, тіпті 1 миллион тоннаға жетуі мүмкін, бұл Қазақстан үшін рекордтық көрсеткіш.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии