Мәзір

Қазақстандық қайта өңдеушілер Ауыл шаруашылық министрлігіне бағынғысы келмейді

29.08.2023
Қазақстандық қайта өңдеушілер Ауыл шаруашылық министрлігіне бағынғысы келмейді

Павлодар облысындағы қайта өңдеу өнеркәсібінің өкілдері үкіметке өтініш жолдап, өздерін Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан шығаруды сұрады.  Олар Сауда және интеграция министрлігінің бақылауыны көшкісі келеді. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Новости агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Павлодар облысының өңдеушілер қауымдастығы осындай бастамамен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринге жүгінді.

«Мүдделер қақтығысының орын алуына және біздің кәсіпорындар Ауыл шаруашылығы министрлігі назарында соңғы кезекте тұруына байланысты, сізге Павлодар облысындағы өңдеу өнеркәсіптерінің барлығының (ұн, жарма зауыттары, май өндірушілер) өтінішімен, өңдеу өнеркәсібін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан шығарып, Сауда және интеграция министрлігінің құрамынан қосу туралы бастамамен хат жолдаймыз», - делінген Қауымдастықтың хатында.

Ұн тартушылар ауылшаруашылық шикізат тауарын өндірушілердің мүддесіне басымдық беріледі деп есептейді, бұл өңдеушілерді тең емес шарттарға душар етті.

«Біздің құқығымызды ешкім қолдамайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі ештеңе болмағандай кейіп танытып, бізді естімейді. Бағаның жасанды көтерілуіне байланысты біздің өнім ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекеге қабілетсіз болып барады. Осыны ескере келе, осындай өтініш жасап, бізді Ауыл шаруашылығы министрлігінен шығарып, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне бекітуді сұрап отырмыз. Сондай-ақ, біз «QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-мен тығыз жұмыс істеп жатқанымызды және СИМ-де осындай құралдың болғанына ризашылығымызды білдіргіміз келеді», - делінген құжатта.

Ұн тартушылар бірнеше жылдан бері қиындық көріп, мемлекет тарапынан қолдау болады деп үміттеніп келгенін айтады. Бірақ осыған дейін ешқандай қолдау көрмеген. Билік өз тыйымдарымен өңдеушілердің толыққанды жұмыс істеуіне кедергі келтіріп, олардың құқығына қол сұғады.

«Еліміздің өңдеу саласы мен экономикасының мүддесі назардан тыс қалмай, сіздердің тараптан лайық деңгейде түсіністік пен қолдау табады деп сенеміз», - делінген құжатта.

Павлодар облысының қайта өңдеушілері Ауыл шаруашылығы министрлігіне наразы болса, шикізат өндірушілердің кейбірі, атап айтқанда, күнбағыс өндірушілер ведомство-аралық комиссияның шешіміне наразы. 2023 жылдың ақпанында шетелге экспортталатын шикізат тауарларына кедендік салық енгізіліп, қазақстандық күнбағыс шетел нарығында бәсекеге қабілетсіз болып қалған. Шикізат өндірушілердің айтуынша, қайта өңдеушілер осы мүмкіндікті пайдаланып, күнбағыстың бағасын қатты төмендеткен. 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии