Биыл қаңтар-сәуір айларында еліміздегі мал еті өндірісі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5 пайызға төмендеп кетті. Былтыр осы сәтте бұл көрсеткіш 14,2 пайыз өсім көрсеткен еді. Ал құс етінің өндіріс көлемі шамамен 34 пайызға арта түскен. Бұл туралы Energyprom мониторинг агенттігіне сілтеме жасай отырып, World of NAN хабарлайды.
Осы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша, ет пен құс етінің бағасы бір жыл ішінде 12,1%-ға қымбаттады. Бір жыл бұрын дәл осы кезеңде баға тіпті қатты өсіп, 14,8%-ды құраған еді. Биыл құс етінің бағасы айтарлықтай көтерілген – жылына 15%. Шошқа еті – 12,4%-ға, жылқы еті – 11,9%-ға, сиыр еті – 11,1%-ға, қой еті – 9,3%-ға қымбаттады.
2022 жылдың сәуір айында ет бағасы 2 пайызға қымбаттаса, биыл баға 0,7%-ға көтеріліп отыр.
Қазақстандықтар ет пен ет өнімдерін былтыр аз тұтына бастаған. Оған жоғары инфляция деңгейі себеп болып отыр. Мәселен, 2022 жылы жан басына орта есеппен 78,2 келі ғана ет өнімі келген, бұл кейінгі төрт жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Ет пен құс еті жылына жан басына шаққанда 43,7 келі болып отыр. Әрбір қазақстандық орташа есеппен 23,8 кг сиыр етін (2021 жылға қарағанда 1,1%-ға аз), 5,4 кг қой етін (1,3% кем), 3,3 кг шошқа етін (бір жылда -3,7%) тұтынған.
Бұл ретте жылқы етін тұтыну 2022 жылы 7,8%-ға өсіп, 6,2 кг-ға дейін жетті, ал тауық етінің бағасы – бірден 8,2%-ғ көтерілді, ол жан басына шаққанда орта есеппен 5 кг-ға дейін өскен.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение