Кейінгі жылы қазақстандықтар үй шаруашылығындағы еттің барлық дерлік түрін аз өндіре бастады. Мұның себебі малды асырау шығындарының артуына, атап айтқанда, жем-шөптің қымбаттауына байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы World of NAN порталы LS сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биылғы жылдың үшінші тоқсанында сиыр етін үй шаруашылығында өндіру өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,4%-ға, яғни 7,6 млн тоннаға дейін қысқарған. Ішкі тұтыну да 18,3%-ға азайып, 1,9 млн тоннаны құрады.
Жылқы еті – 29,8%-ға (1 мың тонна), қой еті – 7,6%-ға (11,8 мың тонна), құс еті – 0,9%-ға (2,6 мың тонна) азайған.
Сондай-ақ үй шаруашылығында сүт және жұмыртқа өндірудің төмендеуі байқалады: олар -2,2% және -16,6% кеміген. Тек шошқа етін өндіру көлемі 4,4% артып, 3,8 мың тоннаға дейін өсіпті.
Жануарларды ұстауға кететін шығындарға келетін болсақ, олар тоқсанда 8,8%-ға өсіп, 61,4 млрд теңгені құраған. Қазақстандықтар осы себепке байланысты үйде мал асыраудан бас тартқан болуы мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение