Мәзір

Қазақстаннан бал экспорты бір жылда екі есе көбейсе де, көрсеткіш өте төмен

21.11.2023
Қазақстаннан бал экспорты бір жылда екі есе көбейсе де, көрсеткіш өте төмен

2023 жылдың тоғыз айында қазақстандық омарташылар бал экспортын 2,1 есе арттырды. 69,9 тонна тәтті өнім басқа елдерге сатуға жіберілді. Бұл жетістік шаруаларды қатты қуанта қоймаса керек: отандық жеткізушілер биыл сату көлемі көбейгенімен экспорттық бағаның төмендеуіне байланысты былтырғыдан тіпті 19,7% аз табыс тапты. Бұл туралы World of NAN порталы Energyprom есебіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы алғашқы үш тоқсанында ақшалай есептегенде бал экспорты небәрі 100,1 мың АҚШ долларын құраса, былтыр дәл осы көрсеткіш 124,7 мың АҚШ долларына жеткен.

2017–2021 жылдар аралығында отандық балдың экспорты жыл сайын артып отырды. Былтыр жағдай күрт өзгеріп, шетелге сату 3,9 есе, яғни 225,4 тоннадан 58,1 тоннаға дейін қысқарды. Себебі қазақстандық балдың негізгі сатып алушысы Өзбекстан сатып алу көлемін 7 есеге жуық қысқартқан.

Биыл Өзбекстан Қазақстанның бал өнімдерінің негізгі сатып алушысы болып қалды, бұл елдің экспорттағы үлесі 62,9%. Көрші сатып алушының болғаны жақсы, бірақ Өзбекстан үшін балдың экспорттық бағасы басқа импорттаушылармен салыстырғанда ең төмен бағаның бірі: тоннасына небәрі 1 мың АҚШ доллары. Тек Ресей ғана қазақстандық балға аз төлейді (тоннасына 0,7 мың АҚШ доллары), бірақ бұл өнімнің өте аз бөлігі РФ-ға экспортталады. Балды тоннасына тиісінше 16 мың АҚШ долларын және 10,4 мың АҚШ долларын төлеуге дайын Гонконгқа немесе БАӘ-ге сату ең тиімді. Қытай да жақсы төлейді: 7,6 мың АҚШ доллары.

Қазақстандық омарташылар шетелге өнімін көбірек сатқысы келгенімен,  экспорттық нарықтарға шығу мәселесі бар. Мысалы, БАӘ-ге жеткізуші болу үшін сізге тексеруден өтіп, БАӘ Корольдігіне экспорттау үшін бекітілген кәсіпорындар тізіліміне енгізу үшін құжаттарды тапсыру қажет. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ақпан айының соңында тізімде бар болғаны 14 қазақстандық шаруа қожалығы болған. Еуропалықтардың да импорттық балға өте қатаң талаптары бар. 2023 жылы қазақстандық балды сатып алушылардың тізімінде ешқандай еуропалық мемлекет жоқ.

Vlast.kz сайтында жарияланған мақалада ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын түрлі химикаттар омартаға зиян тигізіп, бал арасының ауруға шалдығуына себеп болып жатқаны айтылады. Омарта шаруашылығының дамуы ауыл шаруашылығының басқа да салаларына тығыз байланысты.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии