26 шілдеде үкіметте Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссиясының (ВАК) отырысы өтті. Талқылау нәтижесінде Қазақстан аумағынан ІҚМ және ҰМ аналық басын әкетуге тыйым салуды 6 ай мерзімге ұзарту туралы шешім қабылданды. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасап хабарлайды.
Естеріңізге сала кетейік, бұл тыйым Қазақстанда осы жылдың 8 қаңтарында енгізілген еді. Мемлекеттің сүт-тауарлы фермаларын ауқымды салу және аустралиялық әдіспен мал шаруашылығын дамытуды қолдау жөніндегі міндеттерді ескере отырып, тыйым салуды тағы 6 айға ұзарту туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар көліктің барлық түрлерімен Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салу жыл соңына дейін ұзартылды. Елге бидайды «көлеңкелі схема» арқылы әкелу және оны Ресей Федерациясының шекаралас аймақтарынан автокөлікпен кері экспорттау қаупі әлі де сейілген жоқ. Қазақстанда өткен жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтілетін дәнді дақылдарды жинау болжамдары да назарға алынды.
Сондай-ақ ВАК отырысында отандық шырындар мен сусындар өндірушілерін қолдау мақсатында өрік, алмұрт және шабдалы пюресін әкелуге арналған кедендік баж салығы мөлшерлемесін төмендету мақұлданды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение