Мәзір

Қазақстаннан ірі қара және ұсақ малды әкетуге шектеу қойылды

26.06.2023
Қазақстаннан ірі қара және ұсақ малды әкетуге шектеу қойылды

Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі ел аумағынан мал әкетуге тыйым салынғанын мәлімдеді. 60 мың бас бұқашық пен, 120 мың еркек тоқтыны Қазақстан Республикасы аумағынан шығаруға шектеулер енгізілген, деп хабарлайды World of NAN.

2023 жылғы 23 маусымнан бастап «Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығымен 60 000 (алпыс мың) бас бұқашықты мөлшерінде тірі ірі қара малды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0102) 120 000 (жүз жиырма мың) бас еркек тоқтыны мөлшерінде тірі қой және ешкілерді (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге сандық шектеулер енгізіледі (бұйрыққа сілтеме: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/182580/kaz).

Жоғарыдағы бұйрыққа сәйкес, бұқашықтар мен қошқарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық сертификат болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 30 маусымнан бастап «Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 224 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 641 бірлескен бұйрығымен ірі қара малды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0102) және ұсақ малды (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 0104) Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынады (бұйрыққа сілтеме: http://zan.gov.kz/client/#!/doc/183003/kaz).


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии