Мәзір

Қазақстанның астықты аймақтарында көктемгі су басу қаупі жоғары

05.03.2024
Қазақстанның астықты аймақтарында көктемгі су басу қаупі жоғары

«Қазгидромет» РМК күннің күрт жылынуы және жауын-шашынға байланысты пайда болуы мүмкін наурыз айындағы су тасқыны жайлы негізгі болжамын жариялады, деп хабарлайды World of NAN.

«NASA» спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттері бойынша 2024 жылғы 01 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қармен жабылған аумағы 72% құрайды.

Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді.

Қатерлері жоғары өңірлер: Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары.

Қатерлері орта: Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары.

Қатерлері төмен: Маңғыстау облысы.

Орташа көпжылдық мәндер бойынша ылғал қорларының көлемі:

  • Қарағанды облысында 30-49% төмен;
  • Ұлытау облысында 13 және 20% төмен;
  • Ақмола облысында Қалқутан, Жабай және Шағалалы өзендерінің бассейндерінде орташа көпжылдық мәндерден 21-43% - ға жоғары, ал Селеті (Селеті су қоймасына саласы), Есіл және Мойылды (Астана су қоймасына саласы) өзендерінің бассейндерінде 26-40% төмен;
  • Солтүстік Қазақстан облысында 57 % жоғары;
  • Қостанай облысында Тобыл, Аят (Жоғарғы Тобыл және Қаратомар су қоймаларына салалары) және Тоғызақ өзендерінің бассейндерінде 30-98% жоғары, ал Торғай және Қараторғай өзендерінің бассейндерінде 20-23% төмен.
  • Ақтөбе облысында Ойыл және Қосистек өзендерінің бассейндерінде 26 және 52% жоғары, Ор өзенінің бассейнінде орташа көпжылдық мәндер шегінде, Қарғалы (Қарғалы су қоймасына саласы), Ілек (Ақтөбе су қоймасына саласы), Ырғыз және Темір өзендерінің бассейндерінде 16-68% төмен;
  • Батыс Қазақстан облысында 17-43% төмен;

- Атырау облысында Ембі өзенінің бассейнінде 62% төмен.

Қазіргі уақытта қар жиналу процесі жалғасуда.

Топырақтың қату тереңдігі негізінен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында былтырғы көрсеткіштерден орташа есеппен 1-ден 91 см-ге дейін төмен. Ақмола (Қалқұтан, Есіл) және Қарағанды (Тоқырау) облыстарының жекелеген бассейндерін қоспағанда, топырақтың қату тереңдігі былтырғы көрсеткіштерден 11-ден 33 см-ге дейін жоғары.

Наурызда температураның күрт көтерілуі және қатты жаңбыр болған жағдайда, бұл еріген қар мен жаңбыр тасқынының пайда болуына әкелуі мүмкін.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии