Мәзір

Қазақстанның Әзербайжанға бидай экспорты 27%-ға ұлғайды

04.09.2023
Қазақстанның Әзербайжанға бидай экспорты 27%-ға ұлғайды

Әзербайжан 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында Ресей мен Қазақстаннан бидай импортын арттыра түсткен. Бұл туралы World of NAN порталы «Интерфакс-Әзербайжан» агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Әзербайжан мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтерге сәйкес, Қазақстаннан жеткізілім 144 565 мың тоннаны (өсім 26,7%) құрап, құны 49 млн долларлық (өсім 26,8%) астықты сатып алды. Орташа алғанда, Әзербайжанға жеткізілген бір тонна қазақстандық бидайдың бағасы 339,7 долларды құрады.

Ал осы уақыт аралығында Ресейден бидай импорты 49,6%-ға – 348 мың тоннаға дейін өскен. Жалпы, қаңтар-маусым айларында Ресей Әзірбайжанға 96,4 млн доллардың (12 пайызға өсті) бидайын жеткізді. Осылайша, Ресей бидайының тоннасы Әзірбайжанға 276,66 доллардан жеткізілген.

Әзербайжан бидай импортының 70,7%-ы Ресейге, 29,3%-ы Қазақстанға тиесілі.

Жалпы алғанда, Әзербайжан қаңтар-маусым айларында 493 мың тонна астықты (өсім 23,1%) 145 млн долларға (1,8%-ға өсті) импорттаған. Бір тонна бидайдың орташа бағасы 295,1 долларды құрады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии