Мәзір

Қазақстанның бидай қоры 9,2 млн тоннаға дейін азайды

14.03.2024
Қазақстанның бидай қоры 9,2 млн тоннаға дейін азайды

Биылғы жылдың 1 наурызы күнгі дерек бойынша, Қазақстанда 9,26 миллион тонна бидай бар. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен (10,49 млн тонна) салыстырғанда 12%-ға дерлік төмен. Бұл жөнінде World of NAN ресми статистикаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар наурыз айының басындағы дерек бойынша, Қазақстанда 1,47 млн ​​тонна арпа қоры (2023 жылғы 1 наурызда 1,53 млн тонна болған), 22 мың тонна қара бидай (былтыр 23 мың тонна еді), 119 мың тонна сұлы (бір жыл бұрын 137 мың тонна еді) бар.

Ал жүгері, тары, күріш пен қарақұмық қоры өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда шамалы артқан: Қазақстандағы жүгерінің көлемі 165 мың тоннаға жуық (2023 жылғы 1 наурызда 148 мың тонна еді), тары – 19 мың тонна (былтыр – 10 мың тонна), күріш – 199 мың тонна (былтыр – 166 мың тонна), қарақұмық  – 76 мың тонна (былтыр – 51 мың тонна) болып тіркелді.

Жалпы алғанда биылғы жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстанда 11,53 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары бар 2023 жылғы 1 наурызда бұл 12,73 млн тоннаны құраған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии