Өткен жыл қазақстандық өндірушілерге ауыр болса да, отандық өңдеушілер жағдайға біртіндеп бейімделіп келеді. Былтыр күнбағыс майының өндірісі мен экспорты екі есеге ұлғайды. Бұл жөнінде World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазақстанның майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығының төрағасы Ядыкар Ибрагимовтың айтуынша, 2023 жылы Тәжікстанға отандық күнбағыс майын жеткізу көлемі одан алдыңғы жылмен салыстырғанда 70%-ға ұлғайған. Сөйтіп Ресейді жетекші позициядан ығыстырып шығарыпты. Одан бөлек Өзбекстан мен Ауғанстанға өсімдік майын жеткізу артқан. Оның ойынша, үкіметтің дұрыс құрымдалған сыртқы сауда қызметінің көмегімен Қазақстан Орталық Азияны күнбағыс майымен толықтай қамтамасыз ете алады.
Сонымен қатар, қазақстандық өнімнің ЕО және Қытайға экспорты өсе түскен. Еурокомиссияның дерегінше, Қазақстан Еуропалық Одақ елдеріне күнжара жеткізушілердің ТОП-5 тізіміне енген. 2023 жылы ЕО-ға 143 мың тонна май өнімдерін экспорттап, еліміз бұл нарыққа жеткізілген өмін көлемін екі есеге жуық арттырған. Ал өткен жылы Қытайға экспортталған май өнімдерінің көлемі 62%-ға ұлғайып, 199 мың тоннаға жетіпті. Майлы дақылдарды өңдеушілер қауымдастығының айтуынша, алдағы үш жылда Қытайға баратын өнімдердің жалпы құны 700 млн доллардан аспақ, ал 2028 жылға қарай 1 млрд долларға жетуі мүмкін.
Күнбағыс майының нарығыткеңейіп жатқанын көріп, елдегі бүкіл өндіруші пайдаға кенеліп жатыр деп айта алмаймыз. Күнбағыс дәнін өндірушілер шткізатқа салынған кедендік баж салығына байланысты шетелге экспортты қысқартып, табысының едәуір бөлігінен айырылған еді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение