Мәзір

Қазақстанның май зауыттары бөтелкедегі күнбағыс майының шығарылған сәттегі бағасын 35% төмендетті

03.07.2023
Қазақстанның май зауыттары бөтелкедегі күнбағыс майының шығарылған сәттегі бағасын 35% төмендетті

Май зауыттары бөтелкедегі күнбағыс майының шығарылған сәттегі бағасын (отпускная цена) жыл басынан бері бірнеше мәрте төмендетті. 2022 жылдың желтоқсан айында күнбағыс дәнінің құны шарықтау шегіне жеткен болатын. Сол кездегі бағамен салыстырғанда, өнім 35%-ға арзандаған. Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы мұның себебін нарықта бәсекеге қабілетті болуға ұмтылыспен түсіндіреді. Бұл туралы World of NAN порталы АПК ИНФОРМ-ға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің ұлттық қауымдастығы басшысы Ядықар Ибрагимовтың айтуынша, қазіргі сәтте Қазақстанда бөтелкедегі күнбағыс майының литрі 480-540 теңге аралығында.

«Отандық май зауыттары ішкі нарықта бәсекеге қабілетті бола алу үшін апта сайын дерлік өнімді сату бағасына түзету енгізеді. Біз отандық өндірушілердің 80 пайыздан астамын біріктіретін қауымдастық ретінде тек майдың ғана емес, сонымен қатар күнжара (шрот, жмых) сияқты ақуызы жоғары жемшөптің бағасы туралы ай сайын есеп алып отырамыз», - дейді Ядықар Ибрагимов.

Оның түсіндіруінше, өнім ішкі нарықта қосымша құн салығын (НДС) есепке ала отырып сатылады (12%). Ал рафинадталмаған майдың экспорттық бағыты болса 0% қосымша құн мөлшерлемесімен шығарылады. Бүгінде рафинадталмаған майдың Қазақстан-Қытай шекарасындағы экспорттық бағасы – тоннасына 800 доллар шамасында (қосымша құн салығынсыз 361 мың тг немесе ҚҚС-мен 404 мың тг). Май зауыттары ішкі нарықта бұл өнімді экспорттық бағамен салыстырғанда 29 мың тг-ге төменірек бағада, яғни ҚҚС-ны қосқанда 375-380 мың тг мөлшерінде сатып жатыр.

Майлы дақылдарды қайта өңдеушілер қауымдастығы басшысының айтуынша, қазақстандық май өнімдерінің бағасы, әсіресе, экспорттық бағыттағы өнімдердің бағасы сыртқы факторларға біршама тәуелді.

«Орталық Азия нарығына май және май өнімдерін негізгі жеткізуші – Ресей Федерациясы. Ресей өз экспортының едәуір бөлігін порттар арқылы жүзеге асырады, яғни әлемдік порттардағы кез келген үрдіс ресейлік тауардың бағасына әсер етеді. Бұл Орталық Азия нарығында экспорттық бағаның өзгеруіне әкеледі. Бұл өз кезегінде ішкі нарықта күнбағыс дәнін сатып алу бағасының өзгеруіне апарып соғады, өйткені дайын өнімнің өзіндік құнындағы тұқым құнының үлесі 80%-дан астам», - деп түсіндірді Я.Ибрагимов.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии