Мәзір

Қазақстанның майлы дақыл өңдеушілері қытайлық ірі импортшымен меморандумға келісті

20.03.2024
Қазақстанның майлы дақыл өңдеушілері қытайлық ірі импортшымен меморандумға келісті

Қазақстанның майлы дақылдарды өңдеушілер ұлттық қауымдастығы қытайлық Sichuan Deyang Nianfeng Food компаниясының өкілдерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюға келісті. Бұл туралы World of NAN порталы QazTrade ұйымының баспасөз хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

18 наурызда қазақстандық май және май өнімдерін өндірушілер Сауда министрлігі және QazTrade орталығының ұйымдастыруымен ҚХР-ға іссапар жасап, «Sichuan Deyang Nianfeng Food» рапс майын шығаратын ірі зауытта болып қайтқан. 

Кәсіпорын толық циклді жоғары технологиялық өндіріс саналады және рапсты өңдеуден бөлек, тауарды тазарту, буып-түю, сақтау, логистика және дистрибуция бойынша кезеңдерді қамтиды. Зауыт жылына 300 мың тонна рапс өңдей алады, сонымен қатар жылына 500 мың тоннадан астам рапс майын импорттайды, бұл Қытайдың бүкіл импортының бестен бір бөлігін құрайды. Қытайлық компания күнбағыс, соя және мақсары майын да импорттайды. Бұдан басқа, кәсіпорынның жалпы қуаты 100 мың тонна майды сақтауға арналған резервуарлары бар және сол арқылы елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосатын стратегиялық объектілердің бірі есептеледі.

Сонымен қатар, Sichuan Port and Shipping & Petrochina Energy Co.Ltd компаниясы бас директорының орынбасары Zhu Yu мырзамен кездесу өткізілді. Компанияның басым бағыттарының бірі дүкендер желісіне азық-түлік сатып алу болып табылады (Сычуань провинциясы бойынша 1500 сауда нүктесі бар). Кездесу қорытындысы бойынша Yu ханым Қазақстанға жаз айларында май зауыттарын, макарон және сусын өндіретін кәсіпорындарды аралауға келетіні туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии