Қазақстан оңтүстік-шығыс аймақтарында аусылдан таза мәртебесін қайта растады. Мұны Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мәлімдеді. Дегенмен комитет солтүстік-батыс өңірлердің мәртебесі жайлы ақпарат бермеген. Соған қарағанда ол өңірлер таза мәртебесін әлі қайтара алмаған, деп хабарлайды World of NAN.
Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымына (ДЖДҰ) мүше елдер үшін жануарлардың денсаулығының жай-күйін жыл сайын растау міндетті болып саналады және ДЖДҰ-ға эпидемиологиялық жағдайдағы өзгерістер немесе маңызды оқиғалар туралы хабарламаны жыл сайын қайта ұсыну талап етіледі.
Биыл вакцинацияның жақсы жүргізілуі және аусылдың тіркелмеуіне байланысты Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы облыстар аурудан таза деп танылған.
Естеріңізге сала кетейік, пандемияға дейін 2019 жылы аусыл бойынша бүкіл ел аумағында саламатты мәртебе болған еді. Алайда 2022 жылдың қаңтар айында Қарағанды облысында аусыл ауруы тіркелді. Соның салдарынан дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымы Қазақстанның Солтүстік Батыс өңірлеріне шектеу енгізді.
Ветеринария комитетінің солтүстік-батыс облыстардың мәртебесі туралы хабарлама жасамағанына қарағанда, ол облыстар әлі де аусылдан толық тазара алмағанға ұқсайды. Былтыр сәуір айында дүниежүзілік жануарлар саулығы ұйымының шетелдік мамандарының инспекциясы тексеріс жүргізіп, саламатты мәртебені Солтүстік-Батыс облыстарға беру әлі ерте деген пайымға келген. Ал сол кездегі ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2024 жылы саламатты мәртебені алу үшін құжат тапсыруға қамданатынын айтқан еді.
Дегенмен оңтүстік-шығыс өңірлердің саламатты статусы Ресей мен Қытайға ет өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение