Мәзір

Қазақстанның сүт өнеркәсібі келер жылы күйреуі мүмкін

24.06.2024
Қазақстанның сүт өнеркәсібі келер жылы күйреуі мүмкін

Келер жылдан бастап Кеден одағының сүт шикізатына қойылатын жаңа талаптары күшіне енеді. Бұдан былай машинамен сауылмаған, салқындатқыш танкерлерсіз, сапа және қауіпсіздік зертханаларынсыз дайындалған сүтті қабылдауға тыйым салынады. Мұндай талаптар Қазақстанның сүт өндірісін күйретуі мүмкін, деп хабарлайды World of NAN.

Еліміздегі сүт өңдеу өнеркәсіптері қазіргі сәтте екі мәселеге тап болып келеді: сүт шикізаты жыл бойы біркелкі көлемде келмейді және өңдеуге келетін сүттің 70 пайызға жуығының сапасы нашар. Ал бұлардың негізгі себебі – сүт шикізатының басым бөлігі шағын шаруашылықтар мен жеке қосалқы шаруашылықтан алынады.

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаевтың айтуынша, Кеден одағының техникалық регламентіндегі сүт шикізатына қойылатын жаңа талаптар күшіне енген кезде бұл проблема күшейе түседі.

«Уәкілетті органдардың осы мәселені шешудің әлі де нақты көзқарасы мен іс-қимыл жоспары жоқ. Нәтижесінде, аналитиктердің болжамы бойынша, сүт өнімдерінің импорты бүгінгі 40%-дан 80-90%-ға дейін өседі. Мыңдаған қала тұрғындары қаладағы сүт зауыттарында жұмысынан айырылса, ауыл тұрғындарының шамамен 70%-ы сүт тапсырудан түсетін әжептәуір табыс көзінен айырылады», - дейді депутат.

Ал импорттық құрғақ сүттің құны төмен болғандықтан, отандық өңдеушілерге осындай сүтпен жұмыс істеу тиімдірек болады. Жергілікті зауыттар құрғақ сүтке деген қажеттілікті тек 15%-ға жабады, тиісінше жергілікті өндірілген сүт шикізаты сұраныссыз қалып отыр. 

Депутаттың айтуынша, өнімді дайындау мен өткізу, әсіресе жеке қосалқы шаруашылықта ұйымдастыру бойынша нақты шараларды іске асыру арқылы мәселені шешуге болады. Сонымен қатар шағын сүт өндірушілерді кооперацияға бірігуге және құрғақ сүт өндірісіне ынталандыру керек. Мұны құрғақ сүт өндірісін субсидиялау және отандық терең өңдеушілерді жергілікті құрғақ сүтті алуға міндеттеу арқылы іске асыруға болады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии