Мәзір

QazBioPharm мен Boehringer Ingelheim аусылға қарсы вакцина өндіреді

18.01.2024
QazBioPharm мен Boehringer Ingelheim аусылға қарсы вакцина өндіреді

QazBioPharm ұлттық холдингі АҚ мен француздық Boehringer Ingelheim Animal Health France компаниясы аусылға қарсы вакцина өндіруге келісті. Осының арқасында қазақстандық ет өнімдерін ЕО елдеріне экспорттауға мүмкіндік беретін болады. World of NAN бұл жайлы QazBioPharm холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

16 қаңтар күні QazBioPharm ұлттық холдингінің бас директоры Ерғали Абудрайымов пен Boehringer Ingelheim Ingelheim Animal Health France президенті Кристиан Вайзен екі ұйым арасында лицензия, жеткізілім және серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды.

Лицензиялық келісімге сәйкес, «Boehringer Ingelheim Animal Health France» француз компаниясы Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының стандарттары бойынша аусылға қарсы жоғары сапалы вакциналар өндірісін дамыту және оны толық жою мақсатында «QazBioPharm» үшін өз ресурстары мен тәжірибесін ұсынады.

Бұл біздің еліміздегі жануарлардың жұқпалы ауруларына қарсы күресті нығайтуға ықпал етеді және қазақстандық ет өнімдерін одан әрі шетелдік нарықтарға экспорттауға, нақтырақ айтқанда ЕО елдеріне шығаруға мүмкіндік беруі мүмкін. Аусылға қарсы Вакцинация Үкіметтің аурумен күресу жоспарларының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады.

Былтыр еліміздің бірқатар өңірінде вакцинацияның сәтсіз жүзеге асуы және аусыл ошақтарының таралуына байланысты маусым айында Қазақстан аусылдан таза мемлекеттер тізімінен шығып қалған еді. Сөйтіп Ресей мен Қытай, басқа да мемлекеттер Қазақстаннан ет импорттауды тоқтатты. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2023 жылдың соңына дейін статусты қайтарып алуға әрекет ететінін айтқан болатын. Дегенмен бұл статус әлі де қайтарылмады, енді бас ветеринария комитеті бұл міндет осы жылдың жазына дейін орындалатынын айтып отыр.

«Boehringer Ingelheim» әлемдегі ең үздік 20 фармацевтикалық компанияның қатарына кіреді. Компания аусылға қарсы вакцина штаммдарының кең портфолиосына ие және Еуропалық фармацевтика өнеркәсібі Федерациясы мен қауымдастықтарының (EFPIA) толық мүшесі. Былтыр қараша айында Франция президенті Эммануель Макронның елімізге іссапары кезінде екі ұйым ынтымақтастық меморандумына отырған болатын. Енді әріптестік одан әрі нығая түскені байқалады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии