Мәзір

Қазгидромет жаздық бидай өнімділігінің 2023 жылға арналған нақты болжамын жариялады

18.08.2023
Қазгидромет жаздық бидай өнімділігінің 2023 жылға арналған нақты болжамын жариялады

Биыл Қазақстанның бірнеше ауданында жаздық бидайдың өнімділігі жылдық нормадан төмен болады. Тек бір аймақта бидай өнімділігі нормадан жоғары болуы мүмкін. Дегенмен нақты болжамға сәйкес, қалыптасқан және күтілетін агрометеорологиялық жағдайларды ескере отырып, 2023 жылы жаздық бидайдың өнімділігі көбінесе орташа көпжылдық шамада болады деп күтуге болады. Бұл туралы World of NAN порталы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Метереологиялық қызметтің болжауынша, нормадан төмен өнімділік:

Қостанай облысының Меңдіқара, Қарабалық, Ұзынкөл және Федеров аудандарында;

Павлодар облысының Ертіс, Шарбақты, Успенка, Железин, Тереңкөл және Павлодар аудандарында;

Ақмола облысының Астрахан, Атбасар, Егіндікөл, Жақсы, Бурабай аудандарында және Біржан Сал атындағы ауданда;

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданында;

Абай облысының Үржар ауданында күтіледі;

Нормаға жуық өнімділік:

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Ұлытау облыстарында және Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарының басым бөлігінде күтіледі;

Батыс Қазақстан Облысының Тасқала ауданында бидай өнімділігі нормадан жоғары деп болжануда.

Барлық агрометеорологиялық болжамдар ҚР АШМ үнемі ұсынылады, сондай-ақ www.agrodata.kz қосымшасында және "Қазгидромет" РМК сайтында жарияланады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии