Гидрометеорологиялық қызметтің болжауынша, биыл елімізде қант қызылшасының түсімділігі жоғары болмақ, бірақ ол үшін егістік алқабы жеткілікті суарылуы керек, деп хабарлайды World of NAN.
Қазгидромет биылғы жылы Жетісу, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүгері астығының түсімділігі орташа жылдық көрсеткіштерден негізінен жоғары болады деп болжап отыр. Ал Алматы облысының Іле ауданында, Жамбыл облысының Жамбыл ауданында және Түркістан облысында ұзақ мерзімді нормаға жуық күтілуде.
Жетісу және Жамбыл облыстарында қант қызылшасының шығымдылығы көпжылдық көрсеткіштерден жоғары болады деп күтіледі. Дегенмен болжамның шындыққа айналуы үшін егістік алқаптары жеткілікті су нормасын алуға тиіс. “Дақылдарды вегетативті суару нормалары мен мерзімдері сақталмаса, болжанған мөлшерден төмен түсім болуы мүмкін”, - дейді Қазгидромет.
Ауа райын болжау қызметінің хабарлауынша, биыл еліміз бойынша жаздық бидайдың түсімділігі көп жылдық орташа нормаға жақын болмақ. Қостанай облысының Меңдіқара ауданында, Павлодар облысының Павлодар, Тереңкөл, Успен аудандарында – жылдық нормадан төмен, Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында, Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында, Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарында – жылдық нормадан жоғары түсімділік күтілуде.
Ал күнбағыстың түсімділігіне келер болсақ, Қазгидромет Қостанай облысы мен Павлодар облысының негізгі аумағында көпжылдық нормаға жақын түсім болатынын болжап отыр. Ал Павлодар облысының Шарбақты және Успен аудандарында, Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жылдағы нормадан жоғары түсім болжайды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение