Мәзір

Қазгидрометтің көктемге арналған ауа райы болжамы

22.02.2024
Қазгидрометтің көктемге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, көктемнің алғашқы айында Қазақстанның солтүстік облыстарында қыс әлі де жалғасады. Айдың кей күндерінде қар жиі жауып, бұрқасын болып, көктайғақ пен тұман түсуі мүмкін, қыс тәрізді суық ауа райы болжанады. Бұл күндері ауа температурасы төмен, түнде 15-25 градус аяз болады. Осы жөнінде World of NAN Қазгидрометке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында бірінші онкүндікте ауа температурасы күндіз +2+7°С дейін көтеріледі деп күтіліп отыр. Ал көктемдей жылы ауа райы айдың үшінші онкүндігінде ғана орнамақ, бұл кезде күндіз термометр бағаналары +5+15°С-қа дейін жетеді.

Ал Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батыс облыстары үшін наурыз әдеттегі көктем айына айналады, дегенмен метеорологтар жауын-шашын жиі болатынын (жаңбыр, бұрқасын) жоққа шығармайды. Ауа температурасы түнде 0,-10°C-тан +3+8°C-қа дейін, күндіз 0,+10°C-тан +10+18°C-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.

«Қазгидромет» болжамы бойынша, наурыз айында ауаның орташа айлық температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормаға жақын, республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде нормадан 1° жоғары болады деп күтіледі. Көктемнің бірінші айындағы жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан жоғары, Қазақстанның оңтүстік-батысында және солтүстік-батыс бөлігінде қалыпты шекте болады деп болжанып отыр.

Сәуір және мамырда республиканың басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1° жоғары болмақ, тек мамыр айында еліміздің солтүстік-батыс жартысында температуралық фон қалыпты шамада болады деп болжануда.

Сәуірде жауын-шашын республиканың басым бөлігінде климаттық нормаға жақын, Қазақстан Республикасының солтүстік-батысында нормадан аз, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыс пен шығыстың таулы аймақтарында нормадан көп болады деп күтілуде.

Мамыр айында республиканың басым бөлігінде жауын-шашын нормаға жақын болады деп болжанады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии