Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 13 қарашадағы бұйрығымен Жеңіс Өсербай «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ жаңа бас директоры болып тағайындалды. Ұйымды осы уақытқа дейін басқарға Рустам Асулбек өз қалауымен мерзімінен бұрын қызметінен кетті. Бұл туралы World of NAN порталы QazTrade баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жеңіс Өсербай 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Ресей Федерациясының Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. Экономика саласында PhD докторлық дәрежесі бар, жобалау менеджері, жеткізу тізбегін басқару маманы.
Ол еңбек жолын 2000 жылы қаржы секторында бастап, Әр жылдары «Самұрық-Қазынаның» еншілес ұйымдарында басшылық позицияларда еңбек етті.
2021-2023 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметін атқарды, АӨК-ке инвестициялар тарту, АӨК өнімдерінің экспорты мен импорты, халықаралық интеграция, азық-түлік нарықтарын реттеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясы» АҚ-ның Директорлар кеңесін басқарды.
Жеңіс Өсербай биылғы жылдың қазан айынан бастап «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ-ның Директорлар кеңесі мүшесі, Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болды.
«QazTrade» ұйымы экспорттаушыларға шығынның бір бөлігін өтеу, отандық шикізаттық емес өнімдерді экспорттау кезінде шағын және орта бизнесті қолдау шараларын жүргізеді. Оның жалғыз акционері – ҚР Сауда және интеграция министрлігі.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение