2022 жылғы қыркүйектен бастап 2023 жылғы маусымға дейін Қазақстаннан Қытайға астық тасымалдау 2021-2022 жылдардағы егін тиеудің ұқсас көрсеткішіне 4 есеге - 1,1 млн тоннаға дейін өсті. Бұл туралы World of NAN порталы ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
ҚТЖ баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, астықтың жалпы көлемінің 78%-і (844 мың тонна) контейнерлерде тасымалданды. ҚХР - ға ұнтақ өнімдерін тиеу 3 есеге - 344 мың тоннаға дейін ұлғайыпты, бұл көлемнің барлығы да контейнерлерде тасымалданды. Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы астық тиеу 200 есеге, ұнтақ өнімдері 6,5 есеге өскен.
Компанияның хабарлауынша, Қытай тарапы Алашаңқай станциясындағы контейнерлік терминалдың жүргізіліп жатқан жаңғыртылуы туралы хабардар етіп, астық тасығыштар мен жабық вагондарда астық жүктерін тасымалдау көлемін уақытша ұлғайтуды және Алтынкөл-Қорғас өткелі арқылы жүк ағындарын ұлғайтуды сұраған.
Қытай тарапының жөндеу жұмыстарын жүргізетінін алға тартып, кеше ҚТЖ 1-10 қыркүйек күндері аралығында Достық станциясынан контейнермен астық тасымалдауына шектек қойылатынын хабарлаған болатын. Бұл шектеу астық экспорттаушыларының қарсылығын оятты. Астық экспорттаушылары маусым-шілде айларында астық вагондары емес, контейнерлер арқылы астық тасымалдауды талап етіп келгенін, енді қайтадан астық вагонынан көшуді талап етіп жатқанын айтады. Олардың түсіндіруінше, ҚТЖ түрлі талаптар қоя отырып, астық экспорттаушыларын шығынға батырып жатыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение