Қонаев қаласында тамшылатып суару жүйесінің қосалқы бөлшектерін шығаратын зауыт іске қосылады. Кәсіпорынның өндірістік қуаты аптасына 500 гектарға дейін жерді тамшылатып суару технологиясымен қамтамасыз етуге жетеді деп күтіліп отыр. Бұл туралы World of NAN Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қонаев қаласындағы тамшылатып суару жүйелеріне арналған қосалқы бөлшектер шығаратын зауытты аралап көрген. Тамшылатып суару әдісі - тіршілік нәрін тікелей өсімдік тамырына жеткізу арқылы суды ұқыпты пайдалануға мүмкіндік береді.
Зауыт – Қазақстан және Қытай кәсіпкерлерінің бірлескен жобасы. Алдағы уақытта Тараз қаласында да осындай зауыт ашу жоспарда бар.
Сонымен қатар министр Нұржігітов Алматы облысының әкімдігі мен сумен жабдықтау, су үнемдеу саласындағы жетекші қытайлық компаниялардың өкілдерімен өткен кездесуге қатысты. Қытайлық кәсіпкерлер басқа елдерде жүзеге асырған жаңа әзірлемелері мен жобалары туралы айтып берді. Кездесу қорытындысы бойынша Алматы облысының әкімдігі мен қытайлық компаниялар өңірде су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша меморандумға қол қойды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение