Екі жыл бұрын салтанатты түрде «іске қосылған» жоба сол күйі жұмыс істемеді. Оның құны 5 миллиард теңгеден асады. Ол ашылған тұста Орталық Азияда теңдесі жоқ зауыт екені әрі мұнда жылына мыңдаған дана ауыл шаруашылық техникасы кәдеге жаратылатыны айтылды. Түптамыры «Оператор РОП» ұйымына барып тірелетін алдамшы зауыт туралы Atameken Business арнасы сюжет жариялады, деп хабарлайды World of NAN.
Ауыл шаруашылығы техникасын қайта өңдеу зауыты 2021 жылдың желтоқсан айында сол кездегі Премьер-Министр Асқар Маминнің қатысуымен ашылды. Теңдесі жоқ жоба телекөпір аясында бүкіл Қазақстанға таныстырылды. Зауыт жылына 4000 дана ауыл шаруашылығы техникасын өңдеп, металды қайта пайдалану жоспарланған болатын.
Телеарна тілшісінің айтуынша, екі жыл бұрын қайта өңдеуге әкелінген тракторлар әлі сол күйі зауыт аумағында жатыр. Тіпті бір күн жұмыс істемеген зауыт ешқашан іске қосылмайтын сыңайлы.
Блогер Санжар Боқаев сән-салтанатпен ашылған нысанның тағдырына қызығып, бір ай бұрын ол ескі тракторды қайта өңдегісі келетіні туралы видео жариялаған. Бірақ оның әрекеті сәтсіз аяқталды. Зауыттың қауіпсіздік қызметі оның жұмыс істемейтінін хабарлапты.
Блогер миллиардтаған жобаның шын мәнінде манекен, ал зауыттың өзі, шын мәнінде, бос ангар екенін алға тартты. Ал облыстың кәсіпкерлік басқармасы зауыттың «AutoRecycling» ЖШС жеке инвестициясы есебінен салынғанын хабарлады. Мемлекет тек инженерлік желілер тартуға көмектесіп, жер бөліп берген. Бірақ Қостанай зауытын салған компанияға тікелей қатысы бар «Оператор РОП» ЖШС басшыларына қатысты атышулы қылмыстық іс қозғалып, жоба тоқтап қалды.
«Қылмыстық істер аясында жоба бастамашысының барлық мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді, сәйкесінше, біз мемлекеттік мүлік департаментімен оны кейіннен Қостанай облыстық әкімдігінің жергілікті атқарушы органдарының теңгеріміне беру үшін жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасының басшысы Назарбек Қоңқабаев.
Өндіріс орнының өзі мемлекетке өткеннен кейін басқа инвесторларға ұсынылады. Ол ауыл шаруашылығы техникаларын қайта өңдейтін зауыт бола ма, жоқ па, әзірге белгісіз. Жұмыс істеуге дайын болмаған кәсіпорынды не себепті ашқандары да түсініксіз.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение