Мәзір

ҚҚС мөлшерлемесін көтеру қайта қаралатын болды

08.02.2024
ҚҚС мөлшерлемесін көтеру қайта қаралатын болды

Осыған дейін үкімет ҚҚС (қосылған құн салығы) мөлшерлемесін келесі жылдан бастап 12-ден 16 пайызға дейін көтеруді жоспарлаған еді. Алайда кеше жасақталған жаңа үкімет бұл мәселені қайта қарастыратын болды, деп хабарлайды World of NAN.

Салық саясатының қайта қарастырылатыны жайлы Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты. 

«Бүгін Мемлекет басшысы жаңа Салық кодексінің жалпы әдістерін, оның ішінде қосылған құн салығын қайта қарауды тапсырған болатын. Осы жұмыстың аясында біз бизнес-қоғамдастықпен, сарапшылармен бірге қайта қарап, аталған кодексті жазамыз. Әдістері қайтадан қарастырылады десек те болады», - деді министр үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейінгі брифингте.

Ол аталған салада нақты шешім қабылданбас бұрын кешенді зерттеу-зерделеу жұмысы жүретінін, барлық тәуекелдер ескерілетінін айтты.

«Бұл тек қосылған құн салығына ғана емес, жалпы салық салу жүйесіне қатысты. Бұл мәселеге қатысты бизнес-қоғамдастықтың пікірін білеміз әрі ескеретін боламыз. Дәл қазір бұл тетіктің қандай болатындығын айта алмаймын. Дегенмен, уақыты келгенде бәрін айтып береміз», - деді Нұрлан Байбазаров.

Кеше үкімет отырысында президент Тоқаев ҚҚС мөлшерлемесін көтеру бастамасын сынға алған еді. 

«Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін. Бұрынғы Үкімет Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің орнына салықты көтеріп, қазынаға қосымша қаржы түсіреміз деген уәжді алға тартатын. Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысына Мемлекет басшысы ретінде менің көңілім толмайды», - деді Мемлекет басшысы.

Осыған дейін сарапшылар бұл идея инфляцияның артуына, бизнестің қиын жағдайға ұшырауына және көлеңкелі экономиканың дамуына себеп болатынын айтқан.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии