Мәзір

ҚТЖ 2023 жылы рекордтық табыс тапты

06.02.2024
ҚТЖ 2023 жылы рекордтық табыс тапты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев компанияның 2023 жылдағы жетістіктерін баян етті. Бұл туралы World of NAN ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, кейінгі үш жылда «Қазақстан темір жолының» негізгі өндірістік көрсеткіштерінде өсім байқалады. Былтыр жүк айналымы 7 пайызға артып, 270 миллиард тонна-километрге жетті. Транзиттік тасымалдау көлемі 18 пайызға ұлғайып, 27 миллион тоннадан асты. Нәтижесінде компанияның кірісі өткен жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға өсіп, 1,9 триллион теңгені құрады. Компания 154 миллиард теңге таза пайда тапты. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда төрт есе көп әрі компанияның рекордтық көрсеткіші саналады.

Нұрлан Сауранбаев мұндай деректерді бірнеше күн бұрын президент Тоқаевпен болған кездесуінде мемлекет басшысына айтты. Ол компанияның жетістіктері туралы позитив реңде хабарласа да, бірнеше ай бұрын ҚТЖ-ның табыстылығына қатысты басқаша айтқан еді. Ұлттық компанияның басшысы қараша айында ҚТЖ-ның қарызға батып жатқанын, тарифтерді өсірмесе қаржылай қиындыққа тап болатынын жеткізген. 

Өткен жылы фермерлер мен қазақстандық астық трейдерлері ҚТЖ-ның бизнеске кедергі келтіріп отырғанын айтып бірнеше мәрте шағымданған. Олардың айтуынша, компания тарифтерді негізсіз өсіреді, жүк тасымалдау ережелерін тым жиі өзгертеді, жүк тасымалдау уақытын негізсіз кешіктіреді немесе негізсіз айыппұл салады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии