Мәзір

ҚТЖ Қытайға астық жөнелтуге тағы да шектеу қойды

18.07.2024
ҚТЖ Қытайға астық жөнелтуге тағы да шектеу қойды

ҚТЖ Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтуге тағы да шектеулер енгізіп жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-ИНФОРМ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Нарық қатысушыларының айтуынша, бұл Қытай тарапының вагондарды уақытылы қабылдап, түсірмеуіне байланысты.  Бұйрық бойынша 21 шілде мен 31 шілде аралығында «Алтынкөл» бекеті арқылы ҚХР-ға астық (бидай, арпа), өңделген өнімдер, сондай-ақ майлы дақылдар (соның ішінде зығыр) мен күнжараны тасымалдауға, қабылдауға және қайта жіберуге тыйым салынады. Бұл жабық вагондардағы жүктерге қатысты.

Сондай-ақ 17 шілде мен 20 шілде аралығында аталған жүктерді осы бағытта тасымалдауға және қайта бағыттауға шектеулер енгізілуде - тәулігіне 15 вагоннан артық тасымалдауға болмайды.

Бұл ретте жүк жөнелтушілер шілде айының үшінші онкүндігінде белгіленген тасымалдау жоспарын орындамағаны үшін айыппұлдардан босатылады. Жағдай қалыпқа түссе, бұл шектеулер жойылады.

Былтыр да ҚТЖ тарапынан осыған ұқсас шектеулер жиі болып, отандық астық экспорттаушылар қиын жағдайға тап болған еді. Биыл жылдық орташа мөлшерден жоғары астық түсімі күтіліп отыр. Сәйкесінше астық қоймаларын тезірек босатып, қамбаны жаңа астыққа дайындау керек. Тіпті мұны кеше Үкімет отырысында да талқылады. Ал мұндай шектеулер жаңа маусымға дайындықты тежеп, фермерлерді қиын жағдайға тап қылуы мүмкін.  


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии