ҚТЖ-ның еншілес ұйымы «Қазтеміртранс» АҚ қызметкерлері кәсіпкерлерді пара беруге мәжбүрлеген. Алайда көлік прокуратурасы бопсалау фактілері болғанын және кәсіпкерлердің жемқорлық туралы алдын-ала хабарлағанын ескерместен оларды қылмыстық жауапқа тартты. Мәжіліс депутаты Асқар Садықов осы мәселені көтерді, деп хабарлайды World of NAN.
Депутаттың айтуынша, «Қазтеміртранс» қызметкерлері компанияның нарықтағы монополиялық жағдайын пайдаланып, жасанды түрде көлік тапшылығын жасап, кәсіпкерлерді жүк вагондарын жеткізгені үшін пара беруге мәжбүрлеген. Ал кәсіпкерлер бизнесіне қауіп төніп тұрғандықтан, шарасыздықтан заңға қайшы әрекетке барды. Аталған фактіні өз еркімен құқық қорғау органдарына хабарлаған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 367-бабы, 2-тармағына сүйене отырып, кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы қаулы шығарған, оған сәйкес «Пара берген адам егер оған қарсы пара талап етілсе... немесе бұл адам пара беру туралы құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға өз еркімен хабарлаған болса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады».
Дегенмен көлік прокуратурасы бопсалау фактісін және пара бергені жөнінде алдын-ала хабарлағанын елемей, бұл қаулының күшін жойып, кәсіпкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартты. Осының кесірінен олар 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Шағын және орта бизнестің иелері мен басшылары сотталса, барлығы ұтылатынын ескеру керек. Олардың әрқайсысы 40-тан 300-ге дейін жұмысшыны жұмыспен қамтамасыз етіп, небәрі үш жылдың ішінде бюджетке 2,7 миллиард теңгеден астам салық төлеген. Сәйкесінше, жүздеген қызметкер жұмыссыздар қатарына қосылып, бюджет салық төлеушілерінен айырылады. Ең бастысы, бұл кәсіпкерлерге қатысты әділдік принципі бұзылады», - дейді депутат.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение