Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкімет жиынында Қазақстанның жекелеген аймақтарындағы қалыптан тыс ыстық пен құрғақшылыққа байланысты мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды. Ұсынылып отырған шаралардың бірі – зардап шеккен шаруалардың несие беру мерзімін кейінге қалдыру. Оны «Бәйтерек» холдингі, «Аграрлық несие корпорациясы» және «ҚазАгроҚаржы» қарастырады, деп хабарлайды World of NAN.
Бүгін Үкіметте өткен жедел кеңесте ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тажүреков және құрғақшылықтан зардап шеккен бірнеше облыстың әкімдері сөз сөйледі.
Ербол Тасжүреков қазіргі уақытта жем-шөптің жоспарланған көлемінің 32 пайызы жиналғанын және биылдан бастап алғаш рет жем-шөп жинау жұмыстарына жеңілдетілген бағамен дизельдік отынының қосымша көлемі бөлінетінін айтып өтті.
Өз кезегінде Серік Жұманғарин жем-шөп дайындау деңгейі өте төмен екенін 25 млн тонна жоспарланса, оның бар болғаны 8 млн тоннасы даярланғанын жеткізіп, министрлік пен әкімдіктердің нашар жұмысын сынға алды.
«Пішендеме дайындау – жоспардың 12%, сабан – 4,3%. Қыркүйек айында сабан, сүрлем және концентрлі жемді негізгі жинау жұмыстары басталатыны анық, ал қалғандары үшін бұл өте төмен көрсеткіш. Өңірлерде мал азығын дайындау қарқынын арттырып, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу үшін жем-шөп бағасын тұрақты бақылауды тапсырамын. Сонымен қатар, кейбір аймақтардағы құрғақшылықтың ықтимал әсерін ескере отырып, фермерлер несие төлемдерін кейінге қалдыруға өтініш бере бастауы мүмкін. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазагроқаржы» АҚ зардап шеккен шаруаларға несие төлеу мерзімін кейінге қалдыруға көмектесуі керек», — деді Серік Жұманғарин.
Бұдан бөлек, Үкіметте өткен жедел кеңесте егін мен ауыл шаруашылығы жануарларын сақтандыру мәселесі де талқыланды. Қазақстанның ауыл шаруашылығында климат жағдайларына байланысты тәуекелдердің жоғары болғанына қарамастан, фермерлердің сақтандыру қызметтеріне аз жүгінетіні айтылды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение