Мәзір

Құс етінен жартылай дайын өнім шығаратын өнеркәсіп іске қосылды

29.05.2024
Құс етінен жартылай дайын өнім шығаратын өнеркәсіп іске қосылды

Ақмола облысының Қосшы қаласында «IL-TOV» ЖШС тауықтың төс етінен дайын жартылай фабрикаттар шығаратын Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы жоғары технологиялық зауытты іске қосты. Жоба Qazaqstan Investmen Corporation ұйымының қолдауымен іске асқан. Бұл туралы World of NAN компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Өндіріс орны котлет, шницель, митбол, стриптер мен наггетстерді 100% дайындап, кейіннен жедел мұздатады. Шикізат ретінде жаңа зауыт бұрын «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ қаржыландырған «Макинск құс фабрикасы» ЖШС өнімдерін пайдаланады.

Ұйымның баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыттың ашылуы 90 жаңа жұмыс орнын құруға және негізінен Қосшы тұрғындарын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Қазіргі уақытта өндірістік желінің қуаты жылына 3 346 тонна дайын өнімді құрайды.

«IL-TOV» ЖШС өндіретін өнімге ұқсас өнім осы уақытқа дейін Қазақстанға көрші елдерден толықтай импортталып келген. Ал президент өз жолдауында Қазақстанның импорттық жеткізілімдерге тәуелділігін төмендетуге мүмкіндік беретін жергіліктендіру  үлесі жоғары өндірістерді құру қажеттігін атап өткен еді.

Өз кезегінде, «IL-TOV» ЖШС қазақстандық өніммен импортты толығымен алмастыруға қол жеткізіп, болашақта зауыттың өндірістік қуатын жылына 10-12 мың тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр. Бұл ретте қызметкерлер штатын 150 жұмыс орнына дейін ұлғайту жоспарда бар.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии